$ 449.3  489.69  4.89

«Ажырасып кетті»: Қайрат Нұртастың жары желідегі қауесетке нүкте қойды (ВИДЕО)

Соңғы суреттерінде Қайрат Нұртас байқалмағандықтан желі қолданушылары олар бірге тұрып жатқа жоқ деп болжады.

Өткен аптада Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті деген ақпарат тарады. Бұған қатысты әнші де, жары да жауап берген жоқ. Енді Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратпен бірге екенін айтып, оқырмандарының көңілін орнына түсірді. 

Желіде Жұлдыз Әбдікәрімова бала-шағасымен бірге түскен видеоларын жүктеді. Тіпті жаңа үй сатып алу туралы көпшіліктен кеңес сұрады.

"Жақында стористе балалардың өсіп қалғанын, бір бөлмеге сыймай, таласып қала беретінін айтқан едім. Сіздерден біраз кері байланыс алдым. Бұл жағдай бәрінің болмаса да көптің басында бар екен.

Қазіргі үйлердің сапасы сын көтере бермейді. Көршілермен бір үйде, бір бөлмеде тұрып жатқандай, дауыстары құлақтың түбінен анық естілетін де үйлер бар екен. Құрбым қалжыңдап “Көршілерде күнде концерт. Бүгін күйеуінің көңіл-күйі жоқ” деп бәрін біліп-естіп отырады. Қазақтың “Үй сыртында кісі бар” деген мақалын қазір тура мағынасында қолдана берсек болады.

Сонымен, сізден кеңес керек. Қалай ойлайсыз, көп балалы отбасы үшін жер үй ыңғайлы ма әлде көпқабатты үй тиімді ме?!", - деп сұрады ол.

Соңғы суреттерінде Қайрат Нұртас байқалмағандықтан желі қолданушылары олар бірге тұрып жатқа жоқ деп болжады. Алайда жары бұл ақпаратты теріске шығарды. 

"Сіздер Қайратты қайда деп сұрап едіңіздер. Ол ас үйде отыр. Сенің менің желідегі оқырманым жоғалтып жатыр", - деді Әбдікәріова. 

"Бүгін сізден Қайратты көріп, әкемізді көргендей қуандым. Шын айтам уайымдап жүр едім", "Жақсы болған екен", "Елге құр әңгіме керек", "Жұптарың жазылмасын", "Мен кәдімгідей қорқып кеттіп, неге сонша жауап жазбады", "Ажырасты дегенді кім шығарды, көрмей жатып айта береді?", "Елдің алдында жүру де қиын", - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары