Жақында ғана некесін қидырған әнші Шахизада Байбатжанова жолдасымен бірге Түркия еліне ұшып кетті. Өнер иесі әлеуметтік желіде видео және фотоларымен бөлісіп, жанкүйерлеріне демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.
55 жастағы Шахизада Байбатжанова екінші рет тұрмысқа шыққанын сәуірдің басында жария еткен болатын.
Өнер иесі мұсылман жолымен мешітте некесін қидырды. Отау құрған ерлі-зайыптылар бірден шетелге шығып, бірге демалып қайтуды шешкен. Олар алдымен еліміздің қаисетті мекені Түркістан қаласында болып, кейін Түркия еліне ұшып кетті.
Шахизада демалысы кезінде түсірілген суреттерімен Instagram парақшасында белсенді түрде бөлісуде.
Эстрада жұлдызы жолдасымен бірге Стамбул қаласына барып, артынан Аланияға жол тартқан.