$ 443.85  474.3  4.8

Imanbek Billboard Awards марапатын жеңіп алды

Қазақстандық музыкант Saint JHN атты орындаушының «Roses» әніне жазған ремиксі үшін «Үздік би/электронды ән» номинациясында марапатқа ие болды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ақсу қаласынан шыққан қазақстандық диджей Imanbek-Иманбек Зейкенов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Billboard Awards беделді марапатының иегері болғанын хабарлады.

Иманбек Billboard Awards деңгейі бойынша Grammy музыкалық марапатымен тең келетінін атап өтті. Billboard Awards жүлдесін музыкалық жетістіктерді сараптайтын америкалық басылым ұсынады.

Қазақстандық музыкант Saint JHN атты орындаушының «Roses» әніне жазған ремиксі үшін «Үздік би/электронды ән» номинациясында марапатқа ие болды.

Иманбектің айтуынша, ол Roses ремиксін жасауға 2 сағат 20 минут жұмсаған. Roses әнінің негізгі орындаушысы америкалық рэпер Saint JHN, алайда ән 2019 жылы қазақстандық ремикс шыққаннан кейін ғана танымалдылыққа ие болды. Содан кейін Иманбектің де даңқы көкке ұшты. 

Оның ремиксі Shazam әлемдік чартына еніп, америкалық Billboard чартының биігінен көрінді. Осыдан кейін ресейлік Effective Records дыбыс жазу компаниясы Иманбекпен келісімшартқа отырды.

DJ сол композиция үшін Grammy музыкалық сыйлығын алды. Ол осы марапатқа ие болған алғашқы Қазақстандық болды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иманбекті жеңісімен құттықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары