27.05.2021, 16:00

Астанада Батырхан Шүкеновтің муралы салынады

Фото: ашық дереккөз
Жаңа арт-нысан Көктал-2 тұрғын алабында, Тілендиев даңғылы бойында пайда болады.

Нұр-Сұлтанда танымал әнші әрі композитор Батырхан Шүкенов бейнеленген мурал салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Батырхан Шүкеновтың суреті бейнеленген жаңа арт-нысан Көктал-2 тұрғын алабында, Тілендиев даңғылы бойында пайда болады.

Айта кетейік, бұған дейін елордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылатыны хабарланған болатын. Елорда әкімдігі үздік эскиз-идеяға байқау жариялады. Ұсыныстарды Birge платформасына жіберуге болады.