Мәдениет & Шоубиз 28.05.2021 сағат 09:40

Әнші Алтынай Жорабаеваның күйеуі қайын атасына көлік сыйлады (ВИДЕО)

Көпшілік әншінің күйеуінің асқан жомарттығы мен қайын атасына деген сыйластығына тәнті болған.
Әнші Алтынай Жорабаеваның күйеуі қайын атасына көлік сыйлады (ВИДЕО)
Фото: instagram
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаеваның күйеуі қайын атасына туған күніне орай көлік сыйлап қуантты. Өнер иесі бұл қуанышты сәтімен Instagram желісінде бөлісті.

Шоу-бизнес жұлдызы жолдасының әкесіне су жаңа темір тұлпар сыйлап жатқан видеосын өзінің жеке парақшасында жариялаған. Жұлдызды әулеттің күйеубаласы қайын атасын жаңа жасымен құттықтап, оған бағалы сыйлық жасауды жөн көрген.

"Құрметті достар, жолдасым әкеме авто салоннан су жаңа көлік сыйлады . Алла разы болсын. Алла пейіліңе үйіп-төгіп берсін. Екеуімізге жұғысты болсын. 100 жасаңыздар, әкетайым, анашым! Әлішердің әкесі, папамыз өмірден өткен, жаны жәннатта болсын. Ал мамамызды Нұр-Сұлтанға көшіріп, пәтер алып берді. Әрине ең кіші інісі Алла қаласа болашақ келінмен мамыздың қолында тұрады. Ата-ананы қуанту үлкен бақыт", - деп жазды әнші.  

Желі қолданушылары туған күн иесін жарыса құттықтап, оған өз ақ тілектерін жолдап жатты. Оған қоса, көпшілік әншінің күйеуінің асқан жомарттығы мен қайын атасына деген сыйластығына тәнті болған. 

nur.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар