Қазақстандық актриса Сая Оразғалиева тұрмысқа шықты.
33 жастағы актрисаның жұбайының есімі – Ілияс Иминов. Той Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Бұған дейін мамыр айында олар мешітте некесін қидырған болатын.
Жас жұбайлардың қуанышын бөлісуге келгендердің ішінде әншілер Луина, Кентал, Рано Омарова, актриса Жәния Журинская, тележүргізуші Марат Оралғазин бар.
Сая Оразғалиева екі жыл "Shine" тобының әншісі болды. Актриса ретінде алғаш рет "Жаным-2" сериалында өзін сынап көрген, бірақ ол "Вузеры" телесериалындағы Айсұлу рөлімен көпшілікке танылды.
Бұған дейін тұрмыста болған, Радмир есімді ұлы бар.