$ 446.49  475.38  4.79

Әнші Мәдина Сәдуақасова келін түсірді

Кішігірім беташар өткізген.

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың әулеті келін түсірді. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

"Әулетімізде қуаныш! Сапарғали Мұқашұлы мен Муслима тәтеміздің ( әкемнің қарындасы ) кіші ұлы, ініміз Біржан Әшім үйге Тараз шаhaрдың сүп- сүйкімді Диана есімді сұлуын әкелді! Тек Әшімовтар мен Садуақасовтар болып кішігірім беташар өткіздік! Ал, жаңа түскен келініміз құтты болсын! - деп қуанышымен бөлісті әнші. Еске сала кетейік, Біржан Әшім - танымал вайнер. Ол Instagram парақшасында көптеген күлкілі видеоларымен миллиондаған оқырман жинады. Келіншегі Диана да блогер. Ол желідегі парақшасында түрлі видеолар салып оқырмандарын қуантуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары