Бірер күн бұрын ғана екінші перзентін дүниеге әкелген әнші Мөлдір Әуелбекова перзентханадан шығып, үйіне оралды. Өнер иесі сәбиімен түскен алғашқы фотосын жариялап, оған қандай есім берілгенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мөлдір Әуелбекова перзентханадан шыққанын Instagram парақшасында мәлім етті. Өнер иесі медициналық мекеме алдында қызымен түскен суретімен бөліскен. Ол екінші перзентіне Айару деген есім берген.
Өнер иесінің өміріндегі аса бақытты сәтінде оның қасынан өзі продюсерлік ететін "Назар" тобының әнші қыздары табылған. Арулар перзентханаға арнайы барып, жетекшілеріне гүл шоқтарын табыстай құттықтаған.
Желі қолданушылары да бірден эстрада жұлдызына жылы лебіздерін білдіріп, жаңадан туған сәбиге ақ тілектерін жолдады.
"Менің қызымның да есімі Айару", "Өте әдемі ат таңдапсыздар", "Еліне сыйлы қыз болып өссін", "Мөлдір сізге көпбалалы ана болуды нәсіп етсін", "Тоқтап қалмаңыз, артынан бірден тағы бір-екі перзентті дүниеге алып келіңіз", "Бақытты болыңызшы, сіз үшін аса қуаныштымын", - деп жазуда көпшілік.