22.06.2021, 12:00

«Ішіне сайтан кіріп кеткен қатын»: Гүлзира Айдарбекова сынықшы Айнұр Асқарқызы туралы

Фото: ашық дереккөзі
Сайқал болатындай арамдыкпен атым шыккан жоқ, жүріске түспедім, арымды таптатып қалың Адайды жерге қаратқан емеспін!

Сынықшы Айнұр Асқарқызы өзінің инстаграм желісіндегі парақшасына видео жариялады.

Видео қызу талқыла түсіп, мыңдаған пікірлер жазылуда.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Бүгін ақтөбелік сынықшы Бағдагүл ханымның Айнұр Асқарқызын "Сайқал, Айнұр Асқарқызы" - деп айтқан видеосы желіде желдей есті.

Оны көрген Айнұр Асқарқызы жауапсыз қалмады.

“Бүгін жүрегім қақ айрылып, жанарым жаска толып, жаным жараланды! Жүректің нәзіктігі болар. Пейілі таза адам титтей қара күйе жағылса шырылдап кететіні рас екен.. Манғыстау 362 әулиенің жері! Құт қонған, кие дарыған аруақты аймақ. Біздің елде тексіз адам жоқ! Қалың Адайдың алақанына салған ардақты қызымын, тегім Токтамыс Жары! 13 жасымда қолыма қасиет бітіп сынық сала бастадым.. Пір Бекеттің басына түнегенде аян берілді! Бұл қасиет аталарымнан дарыды, атақты сынықшы Несібек-Нұрдың жиенімін. Ер қосай кәрі нағашым. Мерген кәкем, Тасқымбай, Оңай әжем батасын беріп осы жолға түстім. Осы уақытқа дейін қара халықтың бетін қайтарып ақша үшін арымды сатқан емеспін!!! Бір күнде 500 ге жуық адамды тегін ақ ұшыктап, батамды беріп шығарып саламын. Қазақтың қаншама қызы кәсіп бастаса алдымен барып лентасын қиып шашуымды шашып кайтам! Ал еңбегімді ерекше бағалап астыма ат мінгізіп, шапанын жапкан қазақтың сый-сияпатын куана кабылдаймын. Бағым Алланыкі, малым халықтыкі!

Сайқал болатындай арамдыкпен атым шыккан жоқ, жүріске түспедім, арымды таптатып қалың Адайды жерге қаратқан емеспін! Марқұм күйеуімнің арын кірлетпей жалғыз түйір қызымды жалғыз тәрбиелеп келемін. Анама ауыр тиетін, әкемнің жүрегін жаралайтын ауыр сөзді қаскүнем ғана айтар..Аллаға шүкір, халкым төбесіне көтеріп отыр. Ризықты беретін бір Алла! Алла дәрежемді көтеріп қойса менің не жазығым бар?! Миллионнан аса оқырманның алдына шығып адамды жамандамақ түгілі қонып тұрған кара шыбынды үркітпейтін адаммын. Бұл қорыққанымнан емес, анамнын ак сүтімен келген тәрбиемнен! Дана Абай "сөз ұқпайтын наданнан күнде жеңілемін" деген екен! Адамға тәрбие керек! Мәдениет керек! Ауыз өзімдікі деп көки беретін көргенсіздер менен қорықпасаңдар да Алладан қорқыңдар!

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алланың елшісі (с.а.с.): «Уа, тілімен иман келтіріп, иманы жүрегіне жетпегендер, мұсылмандарды жәбірлемеңдер, балағаттамаңдар, олардың кемшіліктерін іздемеңдер!" Аллам біліп білмей жасаған күнәмізді кешірсін! Білмейтіндер біліп жүрсін, сыйлағанды аялайтын, қинағанды аямайтын Адайдың қызы оңай шағылар жаңғақ емес!", -деп парақшасында жазба қалдырды.

Сынықшының әлеуметтік желідегі оқырмандары мен өнер иелері Айнұрды қолдап, сан алуан пікірлер жазуда. Соның ішінде танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова:

"Ой, Айнұрды қайталап бастаған қатын бұл. Осылай тиісіп, өз-өзін жұбатқан түрі.

Ішіне сайтан кіріп кеткен қатын ғой. Абайлаңдаршы" - деп пікір жазды.