Мәдениет & Шоубиз 23.06.2021 сағат 21:10

«Әйелім жеті жылдан бері қоларбаға таңылып отыр»: Нұрлан Абдуллин жан сырымен бөлісті

Ол әйелінің күтіміне қарайтынын және ол үшін ешкімнен арланбайтынын айтты.
«Әйелім жеті жылдан бері қоларбаға таңылып отыр»: Нұрлан Абдуллин жан сырымен бөлісті
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әнші Нұрлан Абдуллин ешқашан айтпаған сырын бөлісті. Әнші отбасындағы қиындықтар, балалары мен немерелері жайлы “Ер батыр” жобасында айтты.

Екі қызым, бір ұлым бар, төрт немерем бар. Оларға кәдімгі атамын. Арқалаймын, көтеремін, еркелетемін. Оларға әнші болсаң да, халық әртісі болсаң да бәрібір. Айтқанын істетеді. Мен оларды ойнатып жүріп рақаттанамын. Себебі бұрын үйде көп болмадым. Балаларымның тәрбиесіне көп көңіл бөле алмадым. Сондықтан немелеріме қарағым келеді.

Мен ешқашан ата-анама қарсы сөйлеп, дауыс көтеріп көрген емеспін. Әкем өмірден озарында маға разы екенін айтты. “Сен ешқашан маған жоқ демедің. Сондықтан саған рақмет” деді. Ата-анаға қарсы келуге болмайды. Соны көрген ұлым да маған қарсы келмейді. Мені тыңдайды. Маған қарсылығы жоқ”, – деді ол.

Әнші жары Нағима ауыр дертке шалдыққанын да жасырмады.

Әйелім 7 жылдан бері арбада отыр. Ең алғаш Таиланда жүргенде денесі қозғалмай қалды.  Ол кезде мен жеке концертіме дайындалып жүргенмін. Солай концертімнен бас тартуға тура келді. Бірақ әйелім концертіңді өткіз деді. Сен менің емес, халықтың адамысың деді. Әйелім де мықты адам. Ауырып отырса да, әзілдейді. Көзінің түбі ауырып, содан емі табылмады”, – деді әнші көзіне жас алып.

Ол әйелінің күтіміне қарайтынын және ол үшін ешкімнен арланбайтынын айтты.

Мен оған қасықтап тамақ беремін. Ыдыс жуамын. Үй шаруасын атқара беремін. Кейде оның құрбылары келіп таңғалады. Халық әртісі де ыдыс жуа ма дейді. Онда тұрған не бар? Жуу керек болса, жуамын. Мен сондай мектептен өткенмін. Бала күнімде әкем мектеп директоры, анам орынбасары болды. Таңнан кетіп, кеш келетін. Сол кезде екі қарындасыма өзім қарадым. Олардың тамағын пісіріп, жуындырып, киімін үтіктеп мектепке жіберетінмін. Оның бәрі өмірлік сабақ болды. Біреу маған мұқтаж болса, оны ешқашан тастап кетпеймін, – деді әнші.

 kznews

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар