Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова желіде әсерлі жазбамен бөлісіп, қалың көпшілікті ойландырып қойды. Жанар Айжанованың қызы өзін сатып кеткен адамдардың барлығын кешіріп, олардың ешбіріне кек сақтамайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жақында ғана алғаш рет ана атанған Айжұлдыз Адайбекова өміріне түрлі өзгеріс енгізуде. Актриса жолдасымен айырылысып кеткен соң шашын өзге түске бояп, өзінің дамуға арналған курсын бастап кетті.
Ал кеше жас ана Instagram парақшасында ерекше жазбамен бөлісті. Өнер иесі өзін ренжіткен әрі сатып кеткен адамдардың барлығын кешіргенін жазды.
"Кешірім туралы жазба. Маған адал болмаған жандардың барлығын кешірдім. Мені керек кезде сатып кеткен адамдардың барлығын кешірдім. Оларға тек жақсылықты тілеймін. Барлығы үшін алғысты сезініп тұрмын. Менің ішкі трансформациям аяқталды", - деп жазды Адайбекова.