"Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаев желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Бейнежазбада оның айтыскер Айнұр Тұрсынбаевамен сөйлесіп отырғанын көруге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Азамат Зенкаев аталмыш видеомен Instagram парақшасында бөліскен. Онда рэп орындаушы мен белгілі айтыскер өзара сөз таластырып отырған. Олар бір-біріне айтқан сөзіне ұйқас табуға тырысқан. Желі қолданушаларының болжамынша бұл видео Түркияда түсірілген. Зенкаев шетелде демалып жатқан сүйіктісімен бірге ұшып барған көрінеді. Себебі, осыдан бір күн бұрын ғана Ерке Есмахан Тұрсынбаеваның Стамбулдағы үйіне қонақ болып барған.
Желі қолданушылары Зенкаевтың видеосын бірден қызу талқыға алды. Көпшіліктің оның әрекетіне қатысты ойы екіге бөлінді.
"Ойнап қояды өзі", "Ерке қай жеріне қызықтың?", "Жоқ деп жүріп тапқаны осы ма?", "Түрін-ай, Азамат екеуі бір отбасыдай болып кеткен", "Еркемен бірге Түркияда жүр ғой", "Ұлымен ғана барған екен десем. Азамат та барыпты", "Бір түрлі екен. Мен оған қарамас едім", "Еркені қалай баурап алды екен?", - деп жазуда көпшілік.