$ 448.15  483.46  4.86

Иманбек Роза Рымбаеваның айтқандарына жауап берді

Халық әртісі Роза Рымбаев Иманбектің «Grammy» байқауындағы жеңісін қарапайым сәттілік деп атаған еді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі


Иманбек Зейкенов әнші Роза Рымбаеваның айтқандарына жауап берді, деп жазады  Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы ол Instagram желісінде тікелей эфирде айтты.

Иманбекке жүргізуші «Роза Рымбаеваның сен туралы ойына қатыс не айта аласың?» деген сұрақ қояды.

«Біріншіден, ол кісіге ересек адам ретінде қараймын. Олар біздің алдымыздағы ұрпақ қой. Тіпті, не айтарымды білмеймін. Мен оның айтқан сөздерін сынағым келмейді. Мен онымен пікірталасқа түскім келмейді, бұл оның өз ойы. Мен Роза Рымбаеваның айтқандарын естідім, өзіме ой түйдім», – деді Иманбек.

Еске салсақ, бұған дейін халық әртісі Роза Рымбаев Иманбектің «Grammy» байқауындағы жеңісін қарапайым сәттілік деп атаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары