$ 447.4  477.55  4.76

Роза Рымбаева Иманбекке қатысты болған жайтқа байланысты пікір білдірді

Сұхбат барысында ол Иманбек Зейкеновтің өнеріне байланысты пікір білдіріп, ол "сәттілік" қана деп атаған еді.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

"Экспресс-К" журналисі Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваға хабарласып, Иманбек Зейкеновке қатысты болған жайтқа байланысты пікірін білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басылым тілшісі әншіден болған жайтқа байланысты және ұлы Әли Оқаповтың ойына қатысты не ойлайтынын сұрады. Алайда Роза Қуанышқызы қысқа жауап қайырған. 

"Пікір білдірмей-ақ қояйыншы. Мен енді Иманбекке қатысты жауап беруден бас тартамын. Мен журналистерге сұхбат бердім, басқа нәрсеге айналдырмай-ақ қояйық, жарай ма? Айттым, бітті! Келісе ме - келіспей ме, біреуі қарсы, біреуі қолдайды - онда шаруам жоқ", - деді Роза Рымбаева. 

Еске салайық, жақында әнші Роза Рымбаева Azattyq Rýhy порталына берген болатын. Сұхбат барысында ол Иманбек Зейкеновтің өнеріне байланысты пікір білдіріп, ол "сәттілік" қана деп атаған еді. 

"Керек кезде, керек жерде болу. Жолы болып кетті. Оның үстіне ол кәсіби музыкант емес. Бұл жай ғана сәттілік. Ырғағын, мәнерін ауыстырды да қойды, мұның бәрі компьютерде жасалады. Оны remix ретінде бағалады, автор ретінде немесе орындаушы, автор-өңдеуші ретінде емес. Жоқ, ол тек жылдамдығын үдетіп, балаларға тән ән шығып, ырғағы ауысты", - деген еді Рымбаева.

Артынша Imanbek Роза Рымбаеваның сөзіне жауап берген еді. 

"Біріншіден, ол мен үшін ересек адам, аға буын, мен оны ешқашан сынамаймын. Қалай айтарымды да білмеймін. Мен дауласпаймын, бұл оның пікірі. Тыңдап, түсіндім", - деді Imanbek.

Көп ұзамай әншінің ұлы да болған жайтқа байланысты ойын айтты. Ол анасының айтқан сөздерімен келіспейтінін жеткізген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары