$ 484.11  528.79  5.03

«Ешкім көрмеген»: Айжұлдыз Адайбекова алғаш рет өзінің туған әкесін көрсетті (ФОТО)

Сымбатты өзі. Жомарт әрі ақкөңіл болған дейді...
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова қалың көпшілікке алғаш рет туған әкесін көрсетті. Жанар Айжанованың қызы желіде марқұм әкесінің суреттерін жариялап, оған деген алғысын жеткізген.

Айжұлдыз Адайбекова өзінің туған әкесінің фотоларымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол Stories бөлімінде отбасылық мұрағаттағы суреттерді жариялап, желідегілерді тәнті етті.

"Көбісі менің өгей әкемді біледі. Бірақ, туған әкемді әлі ешкім көрмеген. Суретін назарларыңызға ұсынамын. Сымбатты өзі. Жомарт әрі ақкөңіл болған дейді. Күбенов Адайбек. Оны өмірімде мүлдем көрмесем де, оған деген өзгеше жылулығым бар. Әкем анамның аяғы ауыр болғанда қайтыс болып кеткен.Оған деген алғысым шексіз. Әке менің мінезім мен ақкөңілділігім үшін рахмет. Мұның бәрі сізден дарыған", - деп жазды Айжанованың қызы.

Желі қолданушылары бірден жас дизайнер мен оның әкесінің өзара ұқсастығын жарыса жазып жатты. Бірі Айжұлдыздың анасына көбірек ұқсайтынын айтса, енді бірі оның әкесінен айнымай қалғанын алға тартты.

 

KAZ.NUR.KZ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары