Мәдениет & Шоубиз 19.07.2021 сағат 09:40

«Славян базары» байқауының бас жүлдесін қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова жеңіп алды (ВИДЕО)

2015 жылы аталған конкурсты Димаш Құдайберген жеңіп алған еді.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық Рухия Байдүкенова дәстүрлі халықаралық «Славянский базар» әншілер байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды деп хабарлайды БЕЛТА. Конкурс Витебск қаласында өткен.

Ақпарат агенттігінің жазуынша, биылғы қатысушылар арасында бәсекелестік аса жоғары болған. Екінші турда әншілер славян әндерін Беларусь елінің бас дирижері Виталий Кульбаковтың басшылығымен орындаған.

Тартысты өткен байқауда бас жүлдені қазақ қызы Рухия Байдүкенова жеңіп алды. Бірінші орын серб қызы Ирина Арсениевичке бұйырса, екінші орынды украиналық Рената Штифель мен Даниил Мышковец алды. Үздік үштікті словак Иванна мен Әзірбайжан өкілі Тофиек Гаджиев қорытындылаған. Ал, байқаудың арнайы сыйлығы – «Славян үмітін» сербиялық Ирина Арсиеневичке Беларусь премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко тапсырды.

22 жастағы Рухия Байдүкенова Талдықорған қаласынан. Ол бала кезінен вокалмен айналысады. Қазір әнші Қазақ ұлттық өнер университетінің үшінші курсында оқып жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар