25.07.2021, 19:16

Танымал блогерден курс сатып алған қазақстандықтар полицияға арызданды

Алматы полициясы әлеуметтік желіде Super.mamаsita лақап атымен танымал қазақстандық блогер Әлия Байтұғаеваның қызметін тексеруді бастайды.

Алматы полициясы әлеуметтік желіде Super.mamаsita лақап атымен танымал қазақстандық блогер Әлия Байтұғаеваның қызметін тексеруді бастайды. Бұған азаматтардан келіп түскен өтініштер себеп болды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-те жазды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Әбдірахмановтың ақпараты бойынша, Instagram-да ұйымдастырылған ақылы оқыту курстарын сатып алғандардар өтініштер келіп түскен. Полицияға жүгінгендердің арасында қазақстандықтар ғана емес, ТМД-ның басқа елдерінің тұрғындары да бар. Азаматтар 2021 жылдың 23 шілдесінен бастап арызданған.

"Қоғам пікірін талдау блогердің қатысуымен туындаған проблеманы көрсетті, ол өзінің Instagram парақшасы арқылы ақшалай сыйақы үшін оқыту курстарын ұйымдастырған, бірақ оқырмандарының үмітін ақтамаған. (...) Барлық арызданушылардың өтініштері тіркеледі, олардың әрқайсысы бойынша егжей-тегжейлі тексеру жүргізіледі, Мемлекеттік кірістер департаментінің арналары бойынша тиісінше осындай кәсіпкерлік қызметпен айналысудың және салық салудың заңдылығын белгілейміз, содан кейін блогердің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, одан әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", – деп түйіндеді Рустам Әбдірахманов.