$ 443.35  475.54  4.82

Әбдіжаппар Әлқожа карантинде жасырын тойларға барып, үй салып алды

Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісінде ашып жазды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа карантин кезінде талай рет жасырын тойға барып, тапқан табысына үй салып алғанын айтты. Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Өнер иесі пандемия кезінде жасырын тойға алған шақыртудан еш бас тартпағанын ашық жазған. Тіпті, карантин әншінің қуанышын еселендіре түсірген екен.

«Мені «тойдың әншісі» дейтін көптің сөзіне өмірімде қатты қуанғаным болды. Ол карантиннің ішінде…. Жасырын тойға кіріп жүргенде. Пандемия деген індет елімізге келгелі біраз тойлар жасырын болды. Ал сол жасырын тойларда мені халқым шақырып, талайын елмен бірге атқардық. Атқарып та жүрміз», - деп жазды ол.

Осылайша карантин талаптарын емін-еркін бұзған әнші тойлардан тапқан табысына зәулім үй салғанын айтып мақтанды.

«Тойдың жемісі - карантинде үй салдым. Қаншама өзім өмірде көрмеген кәсіптер бастап көрдім. Көлік жуу орталығы, балалар дүкені. Көмек, жәрдем (ол айтылмайды). Топырлатын ән жазбасам да, Алла басымдағы бағымнан айырған жоқ. Елдің ортасындамын. Қатты жанып кетіп жатқан жұлдызды да көргеніміз жоқ. Өйткені елдің ойы вакцина, пандемия, картоп, сәбіз, шөп. Жалпы, уайым көп», - деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары