Жамбыл облысының әкімдігі жыр алыбы Жамбылдың туғанына 175 жыл толуына орай фильм түсіреді, деп хабарлайды ЭК.
Биыл Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Жамбыл облысында бірнеше мерекелік іс-шаралар өтеді. Осы іс-шаралар аясында облыс әкімдігі жыраудың өмірі туралы деректі фильм түсіріп, көпшіліктің назарына ұсынбақ.
— Алдағы уақытта Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған "Ұлы даланың алып жыршысы" деректі фильмі әзірленеді, — деді Жамбыл облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай.
Жамбыл облысында жыраудың атымен бір аудан мен ауыл және 83 көше аталады екен.