Қарапайымдылығымен көзге түскен жұлдыздардың бірі – Қуандық Рахым! Әнші отырыста даяшы қызбен дуэт айтып, көпшілікті сүйсіндірді, деп жазады Stan.kz.
Қуандық дәмхана қызметкерімен «Болайық бірге» әнін шырқаған.
«Осындай бір тамаша, ең бастысы шынайы видео тауып алдым. Даяшы қарындаспен дуэт. Енді сұрақ.
Дәл сізбен осындай отырыста кездесіп қалсақ, қай әнді дуэт болып орындайтын едіңіз?» – деп оқырмандарынан сұрады ол.
Инстаграм оқырмандары Қуандықтың қарапайымдылығына тәнті болып, даяшы қыздың да өнерден кенде емес екенін атап өткен.
«Тамаша, қандай қарапайымдылық. Ұлық бол, ұлық болсаң кішік бол деген бар емес па», «Күшті», «Сондай қарапайым», «Әдемі қыз екен», «Келін көрінеді ғой», «Қыздың даусы да жақсы», – деп жылы лебізін білдірді олар.