Мәдениет & Шоубиз 10.09.2021 сағат 15:40

«Play boy» журналына тыр жалаңаш суретке түскен атышулы қазақ журналисі елдің ызасына тиді

"Жетпегені осы еді", "Масқара", "Ерекше боламын деп, есекше болып кеттің-ау!",- деген пікірлерді оқша боратты.
«Play boy» журналына тыр жалаңаш суретке түскен атышулы қазақ журналисі елдің ызасына тиді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Журналист Мұхит Сапарбаев Қазақстан бойынша әлемдік бренд «Play boy» журналына алғашқылардың бірі болып сұхбат берді.

Сонымен қатар киімсіз суретке түскен журналист оқырмандарының қатты ашуына тиді. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Әлемдік бренд «Play boy» @playboy_kazakhstan журналы Қазақстанға келді.
«Play boy Kazakhstan» журналының алғашқы санына интервью беріп, фотосессияға шақырту алдым.
Қазақстандық адамдардың арасында маған ұсыныс білдіргені үшін әлемдік брендке мың алғыс.
Журналды көріп қалсаңыздар қатты шошымаңыздар. Суретке емес, интервьюде берген жауаптарға мән берсеңіздер деймін.Бұл фотосессияны ұят деп санайсыздар ма, әлде ұят емес пе?",- деп жазба жариялады.

Желідегі оқырмандарының ашуына тигені соншалық Мұхит Сапарбаевты қатты сынап тастады.

"Не сұмдық басы-арқасының жүнін көрсетіп.Арқа сүйер азаматтарымыздың түрі осы болса... Жылағым келеді.", "Түрің есек сияқты","Өте ұят позор","Ойбу көрсетпеген не қалды гүлді ұстамайақ қоймадың ба?","Алладан қорсаңыздаршы. Халықтан сірә, ұялмайсыздар.", "Жетпегені осы еді", "Масқара", "Ерекше боламын деп, есекше болып кеттің-ау!",- деген пікірлерді оқша боратты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар