КешYou тобының экс-әншісі Элизат Берікова некесінің сәтсіз болғанын хабарлады. Ол күйеуімен ажырасудың алдында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz. "Құдай маған бәрін берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты", - деп жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.
Элизат үшін уайымдаған оқырмандары оны сұрақтың астына алды. "Ажырастыңыз ба?" - деп сұрады көпшілік.
"Әзірге жоқ, бірақ жақында иә", - деп қысқа қайырды ол.
Берікова артқа қадам жасағысы келмейтінін кесіп айтты.
"Әзірге ішім бос. Басқа түк жоқ. Онымен бірге ма, жоқ па, бәрібір бақытты боламын. Бастысы, менің балаларым", - деп ақтарылды ол стористе. Айта кетейік, Элизат Берікова 2018 жылы Жәнібек есімді азаматпен отбасын құрды. Екеуінің екі ұлы өсіп келеді.