$ 449.3  489.69  4.89

«Әкем анамды өлтіріп қоя жаздаған»: Жұлдыз Өмірғали отбасында көрген қиындықтарын жайып салды

Өмірғалидің айтуынша, әкесі анасына үнемі қол көтеріп отырған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жұлдыз Өмірғали балалық шағы, әкесінің ішкілікке салынуы, анасына деген өкпе-реніші жайлы баяндады.

Ол "Жұлдыздың жары" бағдарламасына ашық сұхбат берді, дап жазды Stan.kz. Жұлдыз бала кезінде отбасының дұрыс моделін көре алмадым, дейді. Оған себеп әкесінің үнемі ішімдік ішіп, үйде жанжал шығаруы, анасының таяқ жеуі.

"Ауылдық жерде адамдар ішімдікке құмар болады. Әкемнің сондай әрекеттерінен жөнді отбасылық үлгіні көрмедім. Ол немен аяқталды? Отбасы сынып, бәрі жан-жақта қалды. Біз ата мен апаның қолында, анам басқа жақта, әкем өмірден озды", - дейді Жұлдыз.

Өмірғалидің айтуынша, әкесі анасына үнемі қол көтеріп отырған. Тіпті:

"Өлтіріп қоятындай жағдайға да жеткен болатын. Бірақ Құдайға шүкір анам тірі қазір, өзінің отбасы, жолдасы бар. Есімді білгелі, әкем мас келе жатыр дегенді тарс жабылған темір қақпадан білетінбіз. "Төсектің астына барып тығылыңдар" деген белгі болатын бізге.

Қорқынышпен өмір сүрдік. Қазір Айқынмен қатты ренжісіп, дауыс көтеретіндей жағдайға жетсек, бірден сондай күй кешемін. Төсектің астына барып тығылып қалғым келеді", - деп ақтарылды өнер жұлдызы.
Жұлдыздың анасы балаларымен бірге бірнеше рет қашпақ болыпты. Алайда сүйген адамына деген сезімі мен отбасына деген адалдығы оны әрі аттатпаған ұқсайды.

"Кішкентай кезімде анама: "Кетіп қалайықшы, өтінемін", деп айтатын едім. Мен есімде қараңғы, ай жарқырап тұр, біз пападан қашып барамыз. Анам 1-2 рет кетуге тырысты, бірақ кете алмады. Сүйген шығар?! Ешкімді кінәламаймын, ол - тағдыр.

Әке-шешеме алғыс білдіремін. Денім сау, аяқ-қолым бар, әдемі деп айтатындай келбетіме рахмет айтамын. Өткен іс өтті. Қазір әкемді жамандауға да аузым бармайды, себебі әкем ол - әкем.

Әкем бізге жаман сөз айтып немесе ұрған кезі болған емес. 13 жасыма дейін әкемнің жанында өстім", - дейді Өмірғали.
Жұлдыз 17 жасында студент атанып, алғаш үлкен қалаға жалғыз келгенін айтады. 1-курсты бітірген соң, інісі оқуға түсіп, оны өз қарауына алған. Алайда өзі де жас болғандықтан, талай қиналғанын, сол шақта анасына ренжігенін 

"Времянка жалдап тұрған кезіміз болды. Сонда дене қызуым 40 градусқа дейін көтеріліп, бір "парацетамолға" жете алмай жатқанда анама ренжитінмін. "Неге менің қасымда емессің? Неге бізге қарамадың?" дегендей.. Қазір түсінемін, ол жақта басқа отбасы бар, ол жақта оның сөзі өтпеуі мүмкін", - деді Жұлдыз.

Ол анасын толық кешіре алмағанын мойындады. Уақыт өте келе кездесіп, сөйлескенімен, әлі де өкпесі бар екенін жасырмады. Бір жағынан, әйел ретінде түсінетінін де айтып қалды.

"Анамның да жағдайын түсінуге болады. Қаншама қиындық көрді. Қаншама түнді жылап өткізді. Толықтай кешірдім десек, өтірік айтқан боламын. Себебі түрткі болып, қандай да әңгіме басталып кетсе, "сіз осылай жасадыңыз" деп айтып қаламын", - дейді Жұлдыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары