Араға ұзақ уақыт салып, Димаш қайтадан Қытай сахнасына оралғанын мәлімдеді. Ол жуырда Қытай астанасында өткен Бейжің студенттік кинофестивалінде Screaming хитін орындады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
"Мен айға жуық оқшаулануда болдым. Бұл кезде өзімнің қытайлық командаммен бірге іске асыратын жоспарларымды пысықтадым. Алда көптеген концерттер мен теле-бағдарламаларға қатысатын боламын. Әлемді жайлаған карантин менің де барлық жоспарларымды өзгертті. Алайда мен өз шығармашылығыммен сіздерді қуантатын боламын. Барлығыңызды жақсы көрем!" — деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында.
Бейжің студенттік кинофестивалі — 1993 жылдан бастап тұрақты өткізіліп келе жатыр.
Қазіргі таңда ол Қытайдағы "Шанхай халықаралық кинофестивалі" мен "Чанчун кинофестивалі" секілді халықаралық деңгейдегі ең ірі мәдени шара боп саналады.