$ 444.22  476.38  4.82

Жан Ахмадиев: Қазақстандық әншілер тойда өнер көрсеткенінің ақысы ретінде қойды да қабылдайды

Осындай қызық оқиғалардың бірімен әнші және сазгер Жан Ахмадиев бөлісті.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қазақ әншілері тойларда өнер көрсеткені үшін қомақты қаржы алатыны жасырын емес. Ал кейде той иелерінің әртістерге төлеуге ақшасы жетпей қалатын кездері болады. Мұндай жағдайда өнерпаздармен қорадағы малмен есеп айырысып жатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экспресс К" сайтына сілтеп.
ахмадиев коллаж

Осындай қызық оқиғалардың бірімен әнші және сазгер Жан Ахмадиев бөлісті. Оның айтуынша, той ұйымдастырушылардың мейрамханаға ақшасы жетпегендіктен, олар әртіспен қоймен есептескен.

"Бір аптадан кейін үйіме үш басты малды алып келіп берді. Мен де оларға түсіністікпен қарадым. Барлығымыз адамбыз ғой. Өмірде әртүрлі жағдайлар орын алып тұрады", – дейді әнші.

"Шамшырақ" тобының жігіттері дәл осындай жағдайға тап болған.

"Осыдан 4 жыл бұрын бізге ақшаның орнына мал берді. Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Қазақтар әрқашан тойды шашылып өткізетін, сондықтан біз де төрт бас малды еш қиындықсыз қабылдадық", – дейді топ мүшелерінің бірі.

Жігіттер мойындағандай, бұл оқиға Алматы облысының Кеген ауданында болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Әншілер