04.10.2021, 10:00

«Жүнін жұлған тауық құсап»: Сәдуақасованың жаңа образы көпшілікке ұнамай қалды (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөзі
"Балнур, не істегің келеді, соны жаса“ деп айттым. Та-даам!!! Бір сағаттың ішінде СУПЕР жаңа прическа..."

Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова жаңа образымен халықты таң қалдырды. Ол жаңа шаш үлгісін жасау процесінің видеосын салып, жазба қалдырғаны сол-ақ екен, әлеуметтік желідегі жұртшылық оны сынап тастады деп жазады Paryz.kz.

Білмеймін, Алматының ауа-райы әсер етті ме, бірақ, бүгін @diva_boni -дың салонына барып "Балнур, не істегің келеді, соны жаса“ деп айттым. Та-даам!!! Бір сағаттың ішінде СУПЕР жаңа прическа. Қыздар, бұндай шаш үлгісін бұрын соңды ешкімнен көрген жоқсыздар ғой, даа?! Жаңа ТРЕНД! Жаңа ОБРАЗ! Жаңа АЛЬБОМ! Көзімізді үйрете берейік, бұл өзгерістердің тек басы ☝?Қалай Сіздерге? - дегенімен, оқырмандарының басым бөлігіне әншінің жаңа образы ұнамай қалған секілді.

"Мүлдем жараспайды", "шашыңызды құртты", "өкініп қалған шығарсыз", "жүнін жұлған тауық құсап", "мә, қуа ма, не істеді шашын"... - деген сынды пікірлерін жазып жатыр.