$ 494.87  520.65  4.91

Төреғали Төреәлі алғаш рет кенже ұлын көпшілікке көрсетті (BИДЕО)

Желі қолданушылары әкесі мен баласына тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін білдірді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі алғаш рет кенже ұлын халыққа көрсетті. Бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінде отбасымен демалып жатқан әнші ерекше отбасылық сәттерімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында асқан белсенділік танытып, жанкүйерлеріне Дубайдағы демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетуде. Өнер иесі биыл жаңа жасын ата-анасы мен бала-шағасымен бірге шетелде өткізуді жөн көрген. Эстрада жұлдызы желіде ерекше отбасылық сәттерімен бөлісті. Күні кеше ол кенже баласымен түскен видеосын жариялап, оны алғаш рет көпшілікке көрсеткен.

"Баршаңызға осындай бақыт бұйырсын, ағайын!" , – деген жазба қалдырды ол видео астына.

Желі қолданушылары әкесі мен баласына тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін білдірді. Ал кейбір оқырмандар Төреғалиді баласын күннің астында көп ұстағаны үшін сынап тастаған.

Оған қоса, өнер иесіне төрт айлық баласын көрсетуге әлі ерте екенін айтқандар да табылды. "Ғұмырлы болсын, балапан! Жылатпашы. Киімі жоқ, қорқып тұр ауадан, жаным сол", "Әкең баланы видеоға осылай ашық түсіргеніңді көрсе, жаныңды шығарады ғой, Төреш? Елге көрсеткенге әлі ертерек қой балаң. Тфәй-тфәй, балапаның ғұмырлы болсын!", "Күн өтіп кетпесін", "Өмір жасы ұзақ болсын", - деп жазуда олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары