$ 449.58  486.94  4.86

Ресейліктер ғарышта түсірілген киноның файлдарын жоғалтып алды

Ғарыштан келген түсіру тобын қарсы алған «Роскосмос» қызметкерлері ең алдымен көкте түсірілген материалдарды қарап шықпақ болыпты. Бірақ, түк таппаған. Видео сақталды деген құрылғы бос болып шықты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Осыдан бірнеше күн бұрын «Союз МС-18» әуе кемесінің аппараты жерге қонған болатын. Оның бортында әлемдегі ең алғашқы киноэкипаж болған. Ғарыштан келген түсіру тобын қарсы алған «Роскосмос» қызметкерлері ең алдымен көкте түсірілген материалдарды қарап шықпақ болыпты. Бірақ, түк таппаған. Видео сақталды деген құрылғы бос болып шықты.

«Вызов» көркем фильмінің түсірілімі Халықаралық ғарыш станциясында 12 тәулік бойы түсірілген еді. Ол үшін актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко ғарышқа көтерілген. Шипенко режиссерлік жұмыспен қатар, оператордың да міндетін атқаруы тиіс болыпты. Ол күн сайын түсірілім жұмыстары аяқталған соң файлдарды көшіріп, арнайы құрылғыға сақтап отырған. Ал, камерасындағы файлдарды толық өшіріп, келесі күнгі түсірілім жұмыстарына пайдаланып отырған.

«Әр түсірілім күнінен соң мен ноутбук арқылы түсірілген файлдарды сыртқы SSD құрылғыға сақтап отырдым. Бұл бір-бір жарым сағатты алатын. Бәрі дұрыс көшірілген. Бірақ, біз жерге келген соң, дискті компьютерге қостық. Ал, онда ештеңе болған болған. Мұның қалай болғанын түсінбеймін!», - дейді режиссер Клим Шипенко. 

Мамандар әзірге видео материалдардың жоғалып кету себебін тапқан жоқ. Түрлі болжамдар айтылып, тексеру жұмыстары басталып кетті. Ал, «Вызов» фильмінің ғарышта түсірілуі тиіс болған сәттері енді М.Горький атындағы киностудияның павильонында түсіріледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары