$ 498.34  519.72  4.85

«Сахнадан қуу керек». Кәмшат Жолдыбаева ерсі биімен елді шошытты (ВИДЕО)

Бейнежазбада Кәмшат тойдың ортасында бейтаныс жігітпен отырып, тұрып ұятсыз би билеп жатыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Атышулы әнші Кәмшат Жолдыбаеваның биі желіде қызу талқыға түсті. Тойда бидің түбін түсірген өнер иесі көпшілікке жақпай қалды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Видео Instagram-дағы zhuldyzdy_news парақшасында жарияланды. Бейнежазбада Кәмшат тойдың ортасында бейтаныс жігітпен отырып, тұрып ұятсыз би билеп жатыр. Бұны көрген желі қолданушылары әншіні сынап тастады.

Кәмшат Жолдыбаева ұятсыз әйел оны шоу- бизнестен алып тастау керек. Оған қоса дауысы да жоқ. Үстіндегі киімін де шешіп тастамады ма?,

— деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Эротикалық кадрларымен көптің қаһарына жиі ұшырайтын Жолдыбаеваның мұндай пікірге еті әбден үйренген. Тіпті ашық- шашық киінетін Кәмшатты Халық артисі Мақпал Жүнісованың өзі сынға алған болатын. Халық артисі жалаңаш әншілердің сыннан қорытынды шығармай, керісінше сынаған сайын өршіп бара жатқанын айтты. Сондықтан көрші өзбектер секілді заң шығарып, ондайларды сахнадан бір жолата қуу керек деген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары