01.11.2021, 11:00

«Шынымен босандыңыз ба?»: жақында ана атанған Сабина Алтынбекова мінсіз мүсінін паш етті (ФОТО)

Фото: Instagram/altynbekova_20
Олар жас ананың босанғаннан соң аз уақыттың ішінде қалпына келгенін көріп, сұрақтарын жаудырды.

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова желіде мінсіз мүсінін көрсетіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Желі қолданушылары жақында ғана ана атанған арудың дене сымбатына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 Сабина Алтынбекова тұңғышын босанғаннан кейін Instagram парақшасын енді ғана жаңартты. Спортшы ару желіде жаңа суретін жариялады. Оқырмандардың басым көпшілігі бірден волейболшының дене сымбатына таңғалған.

Олар жас ананың босанғаннан соң аз уақыттың ішінде қалпына келгенін көріп, сұрақтарын жаудырды.

"Сіз шынымен бала тудыңыз ба?", "Жаным сол, босанса да, фигурасы өте керемет. Қатты қуандым", "Жақсы сақталыпсыз", "Босанғаннан кейін мынадай фигураға қалай оралуға болады?", "Сені жақсы көреміз", "Ұлыңа қандай есім бердіңдер?", "Босанған анаға ұқсамайды", "Меніңше, бұл мұрағаттағы сурет. Себебі, аяғында жаздық аяқ киім", - деп жазуда оқырмандар.