$ 494.87  520.65  4.91

Жазира Байырбекова: Салонға тауықтың аяғын дуалап тастап кетті

Жазира Байырбекова өзіне жасалған бірнеше қастандықтар туралы айтты. Әнші өзін көре алмайтындар қанша қастандық жасағысы келсе де, дұға тілеуші халықтың арқасында аман жүрмін деп алғысын білдірді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдыздың жары” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жазира Байырбекова өзіне көп қастандық әрекеттер жасалатынын айтты. Бұған дейін өз салонынан дуаланған ине мен жіп тауып алғанын айтқан еді. Одан кейін де бірнеше жайттың куәсі болған. 

“Сұлулық салонымнан қағазға оралған ине мен жіп қыздарым тауып алыпты. Маған суретін жіберді. Мен айттым оған мән бермеңдер деп. Ол үшін бақсы-балгерге барған жоқпын. Ол қастандық емес, қастандық жасауға талпынғандардың жай әрекеті шығар. Кейін есіктің алдына тауықтың аяғын қойып кетіпті. Оны да дуа жасағысы келгендер істейді екен. Мені жек көретіндер бар болып тұр ғой. Тіпті мені мәңгіліктің кемесіне мініп кетті, о дүниелік болды деп желіге жазғандар да бар. Менің тірі екенімді біліп қуанған адамдарда жетерлік”,  – дейді әнші. 

Байырбекова өзінің амандығы үшін қуанып, дұға жасаған барша оқырманына алғысын айтады. 

“Мені көз жұмды деп хабар таратқан соң, халық алдына шығуға ұялып қалдым. Мені көргісі келмеген адамдардың қуанышы ұзақ болмай қалатын болды деп ұялдым. Жеке парақшама қаншама хат келді. Мені танымайтын оқырмандар мені үшін жылап жаттыі. Менің амандығымды естіп қуаныштан тілегін айтып жатты. Мен іздеушілерім барына қуандым. Кім болса да маған жақсы көңіл-күй сыйлады. Мені мұңайтамын деп ойлаған шығар. Бірақ мен үшін қанша оқырман уайымдады. Мен соларды көріп қуандым”, – деді Жазира ханым.

Жазира Байырбекова үлкен ұлы үшін уайымдайды. Оны бала күнінде еркелете алмағаны үшін, керек ойыншығын алып бермегені үшін көзіне жас алды.  

“Балам ойыншықсыз өсті. Дүкенде ойыншықтарды көрсе, “кейін ақша болғанда аламыз, иә” деп қиылып тұратын. Ол сондай бала болды. Ерке болған жоқ. Біз еркелете алмадық. Отбасында баланы ата-әжесінің көзінше көтеруге, еркелетуге, сүюге болмайды деп өстік. Ұлым Қазбек туғанда өзіміз де бала болдық. Мен 19-да, Жанболат 23 жаста еді. Қазір кейде жылап аламын. Бірақ ұлым бізге риза. “Сіздер ең жақсы ата-ана болдыңыздар” дейді. Әр нәрсенің қайыры бар ғой. Мүмкін ерке болғанда айтқанды істемейтін бала болар ма еді”, – деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары