$ 494.87  520.65  4.91

Тәуекел Мүсілімнің жары: Мен сені дұғамда тілеген едім

Махаббат жұбайы Тәуекелдің өте қамқор, мейірімді әке әрі күйеу екенін айтады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Тәуекел Мүсілімнің жары Махаббат өзінің романтикалық әлемі мен ертегі өмірі жайлы сыр шертті, деп жазады Stan.kz. 

Ол ғажайыпқа сенгенде ғана армандар орындалады деп сендіреді. Әлемнің қай жерінде болсаңыз да, жүрегіңізді тыңдаңыз деп кеңес береді. 

“Мен сені дұғамда тіледім. Адамдар сіздерге “аңқау болма, ондай ертегі өмір болмайды” десе, сенбеңіздер. Өз жүректеріңізге сеніңіздер. Ол сізге бәрін айтады. Жүрегіңіз сізді тура жолға түсіреді. Мен сонау Қостанайда жүріп қалай Алматыға келдім? Алматыдан қалай өз теңімді таптым? Өмірге көзқарасы менімен ұқсас адамды таптым. Ал сіз әлі де ғажайыпқа сенбейсіз бе? Бұл нағыз ғажайып емес пе?” – деп жазды Махаббат желіде. 

Айтуынша, Қазақстанның өзге өңірінде жүріп, жолдасын өзге қаладан тапқан. Бұл – тағдырдың жазуы. 

“Біздің арақатынасымызға 6 ай ғана жеткілікті болды. Серігімнің ақылы толысқанынан да шығар. Менің романтикаға толы әлемім де себеп. Міне, 2 жыл некедеміз. Кереметтей ұлымыз бар. Әрқайсыларыңызға бақыт тілеймін. Бәріңіз теңдеріңізді тауып, ертегідей өмір сүруге тілекшімін. Бақытты да ұзақ өмір сүріңіздер”, – деп жазды Махаббат. 

Махаббат жұбайы Тәуекелдің өте қамқор, мейірімді әке әрі күйеу екенін айтады. Үй шаруасына да, бала күтіміне де көмектесетінін айтады. Уақыт болса, отбасына бөлуге тырысады. Ал босай қалса, тауға, табиғатқа шығып демалады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары