$ 448.15  483.46  4.86

Меруерт Түсіпбаева «Астарлы ақиқат» бағдарламасын сынға алды

Осы ток шоуға барып қатысу қауіпті екенін жұрт қашан түсінеді екен?
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Меруерт Түсіпбаева отандық бағдарламаның біріне қарсы көзқарасына білдірді. Әнші отбасылық жанжалды ел алдында талқылайтындардың әрекетін ерсі деп бағалады. Ал оны ток-шоуда айту тіпт ұят деп кейіді.

“Кейде пікір жазуға қолым тимейді, кейде бәрібір еш нәрсе өзгермейді деп жазғым келмейді. "Астарсыз ақиқатқа" Сиви өтінген соң кезінде марқұм Жанар Хамитова туралы түсірілімге барғанмын. Сиви біледі, ұзын көйлегімнің астында, аяғымда гипс болған. Бағдарлама басталмас бұрын, Жанарға (иманды болсын) бұл журналистерге рейтинг керек, сабырлы бол, құпияларыңды ашпа, әсіресе, Нұржан К. туралы мүлдем айтпа деп ақылымды айттым. Бұл бағдарламаның соңы қалай, немен аяқталғанын өздеріңіз білесіздер… Кибербуллинг деген осы емес пе?”, – дейді әнші. 

Түсіпбаева Жанар Хамитованың қатысуымен болған бағдарлама санын айта келе, 15 жастағы қыздың тағдыры жайлы көзқарасын білдірді. Әнші кәмелетке толмаған қыздың оқиғасын ел алдында айту, өздері қырық пышақ болып төбелесудің ұят көрініс екенін айтады. 

Меруерт ханым қыз зорлады деп айыпталып жатқан жігітке қолдау білдірді. Кейде жазықсыздар жалған жаланың құрбанына айналады деп сөкті.

“Ал, хош… Енді мынау қыз туралы… 15-те!! Иа… бірақ бір баласы бар…. Неге Алмат жауап беру керек?! Осы ток шоуға барып қатысу қауіпті екенін қарапайым жұрт қашан түсінеді екен? Бармаңдар!! Атам қазақ ток шоусыз-ақ  өзара мәселелерін шешіп, түтінін оңынан түтеткен! Халқым, ойыннан от шығады! Ертең, Алмат Әлиби сияқты ана жақтан бірақ шықса, таңғалмаңдар!!!Қазақтың санын көбейтетін азаматтарды, тар қапасқа тығып, отырайық енді”, – деді әнші. 

“Алматқа дейінгі баланы туғызған адам неге сотталмаған?”, “Динаны өз басым қолдаймын, көп адамның көзін ашып отыр, осындай тақырыптар болмаса, бықсып, жылап та жететін жеріне жетіп, көміліп қалады емес пе”, “Біреудің өмірін талқыға салудың қажеті жоқ деп ойлаймын, ұят емес пе? Әлде өздері ақша үшін келе ме соны түсінбедім”, “Иә, дұрыс айттың, өз мәселенді дүйім жұртқа жариялағанда не ұтасың?”, – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Құрбанкүл Құдайқұлова мектепте оқитын қызының аяғы ауыр екенін айтып арызданды. Қаршадай қызды қармағына түсірген 24 жастағы жігіт деп айыптады. Айтуынша, Алмат Қалжанов жасөспірімді аламын деп алдап, төсектес болған көрінеді. Сүйіктісінің жүкті екенін білгенде, жер жұтқандай жоқ болып кеткен. Ал, Алматтың туыстары жала жабылды деп қарсы шықты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары