Белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов егіз қыздардың әкесі атанды. Сүйінші жаңалықты айтыскер Айнұр Тұрсынбаева халыққа жеткізді.
Айнұр Тұрсынбаева көпшіліктен сүйінші сұрап, Нұрболхан Шараповтың егіз қыздардың әкесі атанғанын айтты. Әзілкештің егіздері Түркияның Стамбұл қаласында өмірге келді.
“Стамбұл уақытымен кешкі 21:00, Қазақстан уақытымен түнгі 00:00. Нұрболхан Шарапов егіз қыздардың әкесі атанды. Келіншегі егіз қыздарды өмірге әкелді. Барлық сайттар жаза берсеңіздер болады. Бұл керемет жаңалық. Сүйіншісін маған беріңіздер”, – деп жазды Тұрсынбаева.
“Сүйiншi, ағайын! Ойламаған жерден егiз қыздарым Стамбұлда дүниеге келдi. Ендi менде 3 қыз. Аллаһ бере салғандарым. Жағдай қалай болғанын жазуға уақыт болмай тұр. Әзiрге құттықтау жаза берiңiздершi. Сосын, арнайы пост жазып түсiндiрермiн. Сәби сүйгiсi кеп жүргендерге егiзiмен бұйырсын! Аллаһқа шүкiр, қуаныштымын!”, – деп жазды әзілкеш парақшасында.
Нұрболхан үлкен қызымен бірге перзентханада жүр. Көпшілік бауы берік болсын айтып, қуанысып жатыр.
“Керемет жаңалық болды. Бауы берік болсын”, “Үлкен азаматша болсын, келіншегіңіз жарапты“, “Алланың берген сыйы ғой”, “Қыздарыңыз жәннатқа баруыңызға себепші болсын”, “Алланың құдіреті”, “Сүйіншіңізді береміз”, “Жақсы болған екен”, “Қазақтың қыздары деген атқа лайық болып өссін”, –деп жазды олар.
“Аллаға шүкір егіз деген керемет. Қызығын көріңдер”, – деді Кенжебек Жанабәліов.
“Тәуір жаңалық. Аман болсын”, – деді Нұрболат Абдуллин.
“Бауы берік болсын, досым”, – деп жазды Серік Ибрагимов.
“Құтты болсын. Бауы берік болсын егіздердің. Инабатты, ибалы болып өссін”, деді Арман Жаналиев.
“Құтты болсын”, – деді Гұлнұр Оразымбетова.
stan.kz