$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Нұртас: Жүрегім соғып тұрғанша, сендер үшін жанымды берем

Әнші кенже ұлын туған күнімен құттықтап, жүрекжарды жазба арнады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қайрат Нұртастың әсерлі жазбасы елді сүйсіндірді. Әнші кенже ұлын туған күнімен құттықтап, жүрекжарды жазба арнады. Желідегі және өнердегі достары құттықтап, тілегін білдіріп жатыр. 

“Құлыным менің, туған күніңмен! Жүрегім соғып тұрғанша, сендер үшін жанымды берем, құлындарым”, – деп жазды Қайрат Нұртас.

Қайрат Нұртастың кенжесі Хан 7 жасқа толды. Анасы Жұлдыз Әбдікәрімова ұлының туған күнін қалай қызықты өткізгенін айта кетті. 

“Хан балам, ән балам, жан балам. Бүгін өзі 7 жасқа толып жігіт болды. Алла жетем дегеніңді жолыңа, алам дегеніңді қолыңа берсін, құлыным. Ауырып тұрса да, анашым уайымдайды деп басқа бөлмеге барып, көрсетпей жөтеліп алады. Сыныбындағы ең тәртіпті жігіттердің бірі екен. Үйде де заттары өз орнында тұруы керек. Бала деген аты болмаса, санасы мен жүрегі үлкен.?Аман жүр, ел азаматы атан. Ханға бәрі ұнады. Құттықтауларыңызға рақмет, Алла бізге тілегендеріңізді еселеп қайтарсын”, – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

“Бүгін біздің Хан баламыздың туған күні. Деніне саулық, ұзақ та ғұмырлы өмір тілеймін!??Құлынымның құлыншағы, атыңа затың сай, еліміздің мықты азаматы болып ер жетуіңді Алла қабыл етсін!”, – деді Гүлзира Айдарбекова. 

“Құтты болсын!!!”, – деді Айқын.

“Ғұмырлы болсын”, – деді Берік Айтжанов.

“Кенжеңіздің туған күні құтты болсын! Атына сай, елдің алды болсын. Сіздерді қуанта берсін”, – деді Альбина Шардарова.

“Өмірі ғұмырлы болсын, биіктерден көріне берсін әкіесі сияқты әнші болсын”, “Ханёк, туған күнің құтты болсын, денсаулығың мықты болсын, жаным”, “Құтты болсын, Аллаһ тағалам тіл көзден сақтасын! Керемет үлгілі етіп өсіре бер! Болашағы жарқын жігіт болсын”, – деп жазды желідегілер. 

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары