$ 444.22  476.38  4.82

Димаш әлемдік деңгейдегі ең танымал он әншінің қатарына енді

Димаш танымалдылық жағынан 9 орынға тұрақтады.

Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде танымалдылық жағынан әлем бойынша 10 әншінің қатарына ілікті. Димаш танымалдылық жағынан 9 орынға тұрақтады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл туралы Dimashnews порталы жазды. NetBase Quid атты тәуелсіз зерттеу компаниясы қараша айында әлеуметтік желіде аттары жиі аталған әлемге танымал әншілердің тізімін жасады.

Бұл тізімде америкалық әнші Тейлор Свифт көш бастап тұр. Екінші орынға оңтүстіккорялық BTS тобының мүшесі JIN, ал үшінші орынға оның жерлесі Blackpink тобының әншісі Lisa жайғасты.

Сондай-ақ, тізімде Adele, Джастин Бибер және Ариана Гранде секілді өнер жұлдыздары бар.

Димаштың екі бірдей әні Billboard's Hot Trending Songs хит-шеруінде ТОП-10 енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары