23.11.2021, 12:20

Қайрат Нұртастың жары балаларына өлім тілегендерді сотқа берді

Фото: ашық дереккөз
Оның айтуынша, әлеуметтік желіде тәртіп орнатудың жалғыз жолы — осы.

Хит әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова үш адамның үстінен іс қозғатқан. Олардың екеуі Қайрат пен Жұлдыздың балаларына өлім тілесе, үшіншісі актрисаның өзіне тіл тигізген, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Жұлдыз әлеуметтік желіде жеке басына және отбасына тіл тигізіп, шектен шыққандарды енді заңмен жазалауға кірісті.

Үндемеген сайын үдеп барады. Заңгерлерім жеке басыма тіл тигізген мына жігітті және балаларыма өлім тілеген екі әйелдің үстінен іс қозғады. Әлеуметтік желіде тәртіп керек,  - дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Жұлдыз мәдениетсіздік танытқан адамдардың суретін өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялай бастады. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде тәртіп орнатудың жалғыз жолы — осы.