$ 494.87  520.65  4.91

«Жолымыз ажырады»: Ерке Есмахан AZ-мен айырылысып кеткенін растады

Әнші екі бөлек кеткендерін растады.
Фото:  ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан ғашығы Азамат Зенкаевпен айырылысып кеткенін хабарлады. Эстрада жұлдызының сөзінше, бұл ортақ шешім емес. Ол қарым-қатынасты өзі тоқтатып тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Ерке Есмахан жеке өміріндегі жаңалықтарын өзінің Instagram парақшасында жария еткен.

Өнер иесі сұрақ-жауап барысында AZ-мен екі бөлек кеткендерін растады.

"Жолымыз ажырады. Екі бөлек кеттік. Бұл ортақ шешім емес. Бұл менің қалауым болды. Енді алдағы уақытта бір Алланың еншісінде. Тек жақсылық болсын", - деп қысқа қайырды әнші.

Бұл хабарды естіген көпшілік шоу-бизнес жұлдызынан айырылысуының себебін сұрап білмек болды. Алайда, Ерке Есмахан бұл жайында тіс жармайтынын кесіп айтты.

"Ол көзге шөп салатын адам емес. Себебін айтпаймын. Сұрамаңыздар", - деп жауап берді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары