Мәдениет & Шоубиз 11.12.2021 сағат 11:28

Amre «Ресей дауысы» шоуының «Жарға жығу» кезеңінде үздік атанды

Ернар Андреа Бочеллидің Melodramma әнін шырқады.
Amre «Ресей дауысы» шоуының «Жарға жығу» кезеңінде үздік атанды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Amre сахналық атымен танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаев ресейлік "Голос" шоуының оныншы маусымының кезекті кезеңінен сәтті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жарға жығу" кезеңінде астаналық әнші шоуды жалғастыру үшін Максим Юдин және Элина Панмен сайысты. Ернар Андреа Бочеллидің Melodramma әнін шырқады.

Ән соңында тәлімгерлер үш қатысушының әрқайсына баға берді. 

"Ернар бұл музыканы жақсы орындап шықты. Сізді тыңдау өте жағымды, рақмет", - деді Леонид Агутин.

"Бочелли туралы айтсам. Карьерасын енді ғана бастаған, әлі жетілмеген вокалистің нұсқасын тыңдау өте қиын. Ноталардың барлығына дерлік жақсы түстің. Бірақ бұл туындыда сіз Бочелли немесе Паваротти я басқа біреу болуыңыз керек, бірақ әзірге өте әдемі және дәл шырқадыңыз, бірақ студенттік акцент бар", - деді Александр Градский.

Нәтижесінде тәлімгер Дима Билан үштіктің арасынан қазақстандықты таңдады.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар