Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен не себепті ажырасқанын ашып айтты. Айтуынша, жолдасы отбасына қиянат жасаған, деп хабарлайды Stan.kz.
"Алланың аманатына (әйел, бала-шаға) қиянат жасалды", - деп мәлімдеді Мөлдір Instagram-да оқырманына берген жауабында.
Екі рет некеде болып, бүгінде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші ештеңеге қарамастан, тағдырына разы екенін жеткізді.
"Әлхамдулиллях разымын! Қос қанатымның барына шүкір! Ата-анам, бауырларым, қолдаушы халқым аман болсын!" - деп жазды ол.