15.12.2021, 16:40

«Қартайған Димашты көріп, біртүрлі болып қалдық» - Фанаттар Құдайбергеновтің жаңа бейнебаяны жайлы

Фото: stan.kz
Ән кешін тамашалаған фанаттар оның жарыққа шығуын тағатсыздана күткендерін айтады.

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Клипті "Хабар" арнасы жариялады. Әннің авторы - Ринат Гайсин, сөзін жазған - Талант Арғынғали, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өмір өтер" деп аталатын әнді Құдайбергенов алғаш өзінің онлайн концертінде орындаған. Ән кешін тамашалаған фанаттар оның жарыққа шығуын тағатсыздана күткендерін айтады. 

"Димаш әннің мағынасын тереңінен жеткізіпті", "Ғажап! Димаш кез-келген туындының мағынасы мен барлық ерекшеліктерін аша алады", "Өте әдемі ән. Гайсин 11 жыл босқа күтпепті", "Димаштың қартайған шағын көріп, біртүрлі болып қалдым. Сөзін түсінбедім, бірақ көзіңнен жас шығарардай әсерлі екен", - деп жазды фанаттар.