Әйгілі француз актері Жерар Депардьеге тағы да қыз зорлады деген айып тағылды, деп хабарлайды zakon.kz сайты France News Live басылымына сілтеме жасап.
Танымал актерді 25 жастағы актриса айыптап отыр. "Френк Дрейктің тергеулері" сериалының 25 жастағы жұлдызы Шаролатта Арнольд өз Twitter парақшасында француз актерінен қорлық көргенін жазған. Оның айтуынша, оқиға 2018 жылдың тамыз айында болған, бірақ актриса ол туралы осы уақытқа дейін тіс жармаған.
"Мен Депардьенің құрбанымын. Енді үндемей жүре алмаймын. Бұл менің өмірімдегі ең ауыр соққы болатын шығар. Ештеңе керек емес. Тек өзімді түгелдей қалыпқа келтірсем болды",- деп жазды актриса.
Ал 72 жастағы әртіс өзіне тағылған айыппен келіспейді. Жерар Депардьенің қорғаушылары оның адалдығын дәлелдеу үшін күресетінін айтуда. Еске сала кетейік, Жерар Депардье қыз зорлады деген күдікке осы жылдың ақпан айында ілінген еді.
Актерді жас актриса айыптап, оқиғаның 2018 жылдың жазында болғанын айтқан. Аталған іске қатысты тергеу қылмыс құрамының жоқтығына байланысты 2019 жылдың маусым айында тоқтаған екен.
Актер қыздың тарапынан тағылған айыпты теріске шығарыпты. Ал 2020 жылдың тамыз айында Париж прокуратурасы істі қайта қозғау туралы сұраныс жіберіп, қазан айында тергеу жұмыстары қайта басталған.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.