22.12.2021, 15:00

«Қайта тұрмысқа шыққым келмейді»: Сиви Махмуди ажырасуына қатысты жауап берді

Фото: stan.kz
Экс-жұбайлар үйленгенге дейін 2 жыл қыз-жігіт болып кездескен.

Сиви Махмуди жұбайымен неліктен ажырасты? Әнші екінші рет тұрмыс құруы мүмкін бе? Осы және өзге сауалдарға Сиви Instagram парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz. 

Бірер күн бұрын Сиви 10 жыл отасқан жары Аңсармен ажырасқанын айтты. Экс-жұбайлар үйленгенге дейін 2 жыл қыз-жігіт болып кездескен. Бас-аяғы 12 жылды бірге өткізген Сиви мен Аңсар былтыр ат құйрығын үзіскен. Алайда әнші жеке өміріне қатысты бұл жаңалықты тек биыл жария етті. Instagram-дағы парақшасында Сиви қайта тұрмыс құру туралы сауалға жауап берді.

Алғашқыда:  "Қайта тұрмысқа шыққым келмейтін сияқты", – деп кесіп айтқан ол кейіннен бұл сұрақты болашақтың еншісіне қалдыратынын жеткізді. 

Сондай-ақ, әнші ажырасу себебін айтудан бас тартты. 

"Себебі ол ортақ балаларымыздың әкесі. Барлығына жақсылық тілеймін", – деді Сиви.

Әншінің бұл некесінен екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді. Үш баланың арасы 1 жастан. Өмірін отбасына арнаған әнші үш рет отаға түскенін, алайда оған еш өкінбейтінін айтады. 

"Мен үш жыл қатарынан кесарь тілігімен үш бала тудым. Өте ауыр болды. Бірақ қазір өкінбеймін, мен бақыттымын", - деді ол.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.