$ 444.32  473.33  4.76

Әміре Дима Биланға шапан сыйлады

Ернар тәлімгері екеуінің арасындағы әңгімені өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әmrе есімімен танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаев ресейлік "Голос" шоуында тәлімгері Дима Биланға шапан сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ернар тәлімгері екеуінің арасындағы әңгімені өзінің Instagram парақшасында жариялады. Дима Билан немере әпкесі Қостанайда тұратынын айтып қалды, Ернар да өзінің қостанайлық екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Әлішер Кәрімов пен Әміре «Голос» шоуының финалына өтті

Әңгіме арасында Әmrе Биланға қазақтың ұлттық шапанын, қалқан мен қамшыны сыйға тартты.

"Бұл ерекше саяхат болды. Керемет әндер, сөздер, сәттер, кезеңдер өмірімнен орын алды. Барлық хаттарды, пікірлерді оқып шықтым, жылы тілектеріңізге рахмет! Мен өзімнің және елімнің абыройын лайықты түрде асқақтаттым деп ойлаймын!", деп жазды әнші.

Еске салайық, желтоқсан айында қазақстандық Әmrе мен Әлішер Кәрімов ресейлік «Голостың» финалистері атанған болатын. Дегенмен, шоуда жеңіс Қырғызстан азаматы Александр Волкодавқа бұйырды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары