$ 447.4  477.55  4.76

«Мен жаудың немересімін» - Айжан Нұрмағамбетова

Қостанайға, туған жеріме барғанда гүл қоятын ескерткіш алаңына барып, тағзым етемін.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Айжан Нұрмағамбетова ұлы мен келініне құрбысы секілді қарайды. Өмірде анасын үлгі тұтып, әкесін идеал санайды. Жаудың немересімін деген әнші еш жерде айтпаған сырын бөлісті. 

Айжан Нұрмағамбетова 60-тан асса да өзін жас сезінеді. Оны көңіл-күйінен, киім киісінен байқауға болады. Өмірде анасы үлгі тұтады. Әкесін идеал санайды. 

“Мен екі атамды да көрген жоқпын. Әкемнің әкесін де, анамның әкесін де көрген жоқпын. Анам екі жаста болғанда анасы қайтыс болған. Әкесін халық жауы деп атқан. Сонда мен жаудың немересімін. Атамның сүйегі қайда екенін де білмейміз. Қостанайға, туған жеріме барғанда гүл қоятын ескерткіш алаңына барып, тағзым етемін. Басқа ешнәрсе істей алмаймыз. Себебі, сүйегі қайда жерленгенін де білмейміз. Анам 16 жасқа дейін әкесінің тегін ала алмай жүрді. Кейін ақталған соң ғана қолы жетті. Анам сондай шебер адам. Қолынан бәрі келеді. Тойға киетін көйлегі болмаса, тігіп алатын. Ең әдемі, ең керемет, ана, келін болды. Мен де анама ұқсағым келді. Анам бар білгенін маған үйретті”, – деді әнші. 

Қазақстанның еңбек сіңірген әншісі келінімен сырлас, құрбы екенін жасырмайды. Ұлымен де досы секілді сөйлеседі.

“Ұлым маған ана керек, құрбы керек емес дейді. Мен келініме ене деп қарамаймын. Құрбысы секілдімін. Сол дұрыс деп ойлаймын. Бізде қазақы салтты ұстаймыз. Мен әженің тәрбиесін көргенмін. Әжем бір ауыз орысша білген жоқ. Ораза ұстады, бес уақыт намаз оқыды. Сондықтан бізде қазақы салтты ұстанамыз. Келініме шектеу қоймаймын. Тек еркіндік”, – деді ол. 

Бала күнінен ерекше болғанда ұнататын әнші өзін жаспын деп есептейді. Өзі де сүйікті жар, сүйікті келін. 

“Жолдасыммен тұрып жатқаныма 35 жыл болды. Енеме жақсы келінмін. Бұрын іс-сапарға көп шығатын едік. Қандай еңбегі сіңген әнші болсаң да, еден жусаң да қасымда болғаның керек дейтін. Ол кезде үйде тұрмайтынбыз. Айлап сыртта жүреміз. Сондағы гонорар да көп емес. Сондай уақыттар өтті”, – деді Нұрмағамбетова. 

Дереккөз: Stan.kz
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары