Мәдениет & Шоубиз 20.01.2022 сағат 11:20

«Аман қалуымды екеуміз де көп ойладық»: Тамара Асар көптен жасырған құпиясымен бөлісті

Әнші жолдасымен таныстығы, көпшіліктен жасырған жүктілігі мен сол кезеңдегі уайымы жайлы жан сырын ақтарды.
«Аман қалуымды екеуміз де көп ойладық»: Тамара Асар көптен жасырған құпиясымен бөлісті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жеке өміріндегі жағымды жаңалықты біраз уақытқа дейін жасырып келген Тамара Асар енді тыңдармандарымен ашық-жарқын әңгімелесуге дайын. Әнші жолдасымен таныстығы, көпшіліктен жасырған жүктілігі мен сол кезеңдегі уайымы жайлы жан сырын ақтарды. Ол жүкті екенін білгенде қорыққанынан қуана алмағанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тамара Асар күйеуі жайлы аз-кем сыр шертті. Айтуынша, жолдасы Арғын руынан, өзімен құрдас. Ұлты - қазақ. 

«Бәрі түрі суық дейді, өзіме жып-жылы. Ұлты таза қазақ. Жүрегі өте қазақша, тілі де болар бұйырса», - деді әнші. 

Тамара Асардың таңдаған жарының есімі - Жұмаш, кәсіпкер азамат. Екеуі Шымкент әуежайында танысыпты. 

Ал жүкті екенін білгенде күйеуінен жасырғанын ашық айтты. Неше түрлі ойдың жетегінде өмірі үшін қорыққанын да жасырмады. 

«Мен одан әуелі жасырдым, а вдруг деген неше түрлі оймен.. Ал естігенде: «Ешкімге айтпа, өзің де ұмытып кет, мен де», деп бірден түрі қызық болып кетті. Қорыққаннан қуана алмадық екеуміз де. 
Әйтеуір кім болса да, дені сау сәби күттік, менің аман қалуымды екеуміз де көп ойладық.. Бірақ үндемей жүрдік», - деді Тамара Асар. 

Әншінің айтуынша, қызы Ажар «әкесінің копиясы».  Сондай-ақ, өнер иесі тұңғыш ұлы мен күйеуі арасында жылы қарым-қатынас орнағанын қуана бөлісті. 

«Әкелік-достық, сыйласу деп ойлаймын. Олардың менен құпиялары көп сияқты, өзара шешіп жатады, шүкір. Әйтеуір мен уақытылы тамақ берсем болды», - деп ағынан жарылды әнші. 


Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар