26 жастағы қазақстандық кәсіпкер әрі әлеуметтік желі жұлдызы Димаш Әділет көрші елдегі танымал «Холостяк» шоуының жаңа маусымының кейіпкері болуы мүмкін, деп жазды PeopleTalk порталы.
Басылым өкілдері ұйымдастырушылардың «Холостяк» шоуының форматына өзгерістер енгізгенін және жаңа маусымда екі жігіттің қалыңдық іздейтінін хабарлады. Олардың бірінің аты-жөні белгілі. Ол – кәсіпкер Александр Гранков. Екінші кейіпкердің есімі әзірге ресми түрде аталмады. Бірақ People Talk деректері бойынша, ол блогер және қазақстандық кәсіпкер Димаш Әділет болуы мүмкін.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.