09.02.2022, 05:40

Тағы бір қазақ әншісі Украинаның «Голос» шоуының қазыларын таңдай қақтырды

Жас әнші Потапты өзіне қаратты.

The Weekend тобының «Take My Breath» әнін орындаған атыраулық жігітке белгілі продюсер Алексей Поталенко (Потап) бұрылды, деп хабарлайды nege.kz.

25 жастағы әнші қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жобаның ұйымдастырушыларымен байланысқа шыға алмағанын айтты. Бағына орай, барлығы аяқталған соң Киевке үлгеріп ұшып келгенін атап өтті.

Соңғы секундтарда Ерназарға украиналық продюсер Алексей Поталенко бұрылды. «Соңғы сәтте бұрылғым келіп кетті. Себебі дауыспен ойнап тұрдыңыз. Барлығы мінсіз болды дей алмаймын. Бірақ батылдығыңыз үшін бұрылдым. Біз Қазақстаннан келетін қатысушыларды өте жақсы көреміз. Олар – нағыз жауынгерлер», – деді Потап Ерназардың өнеріне баға беру барысында. 

Айта кетейік, Ерназар Жұбан былтыр «Қазақстан дауысы» жобасына қатысқан еді. Ол Сәкен Майғазиевтің тобында өнер көрсетті.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.