25.02.2022, 15:20

Қанат Ислам «әлем чемпионы» титулы үшін жұдырықтасады

Фото: instagram/islamkanatqazaq
АҚШ-та өтетін жекпе-жек «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

26 ақпанда қазақстандық Қанат Ислам (28-0, 22 КО) британдық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) титулдық жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Боксшылар WBO Global нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.

Жекпе-жек Флоридадағы Плант-Ситиде (АҚШ) өтеді. Он раундқа созылатын жекпе-жекте қарсыластар орта салмақтағы бос WBO Global титулына таласады.

АҚШ-тан тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де басталады. Жекпе-жек «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

29 жастағы Келли былтыр желтоқсанда бокспен айналысып, отандасы Генри Мэттьюсті мерзімінен бұрын (16-51-3, 2 КО) жеңген еді.

Қанат Исламға келсек, бір жыл бұрын ол Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы эквадорлық Джейсон Александр Минданы (14-6-1, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.

Бұған дейін қарсыластар ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, екеуі де 72,57 келіге дейінгі дивизио шегіне сай болды. Бұл туралы Қанат Ислам өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Аллаға шукір. Салмақ өлшеуден өттік», – деп жазды спортшы.