8 наурыз күні бүкіл әлем халықаралық әйелдер мерекесін тойлады. Барша ер азаматтар өз жақындарын қуантып, оларға сыйлықтарын тарту етті. Осы орайда KAZ.NUR.KZ оқырмандарының назарына бұл күнді отандық жұлдыздардың қалай атап өткенін ұсынады.
Тәуекел Мүсілім жарын мерекесімен ерекше құттықтаған. Өнер иесі жиендерімен бірге үйге кіріп келіп, өзінің келіншегіне тосынсый жасаған. Актер әйеліне, анасына және әпкесіне гүл шоқтарын тарту еткен. Ол отбасылық сәттің видеосын Instagram парақшасында бөліскен.
Қайрат Әділгерей де үйіне келіп, қыздарын қуантқан. Жұлдызды әке олардың әрқайсысына гүл шоғын сыйлаған.
Жұлдыз Әбдікәрімова да құттықтаусыз қалмаған. Актрисаны бірінші болып, қос ұлы Нарұл мен Хан құттықтаған. Олар арнайы видео жолдап, аналарына ақ тілегін білдірген.
Бағлан Әбдірайымов анасын құттықтау үшін арнайы ауылға барып, ата-анасының батасын алып қайтқан.
Сондай-ақ, Ерке Есмахан да бұл күні сыйлықсыз қалмаған. Өнер иесіне үлкен гүл шоғын тарту еткен.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.